Шымкентте 9 мыңға жуық жасты тұрақты жұмыспен қамту көзделіп отыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы мен толық емес, сондай-ақ мүгедек баласы бар отбасылар үшін жылдық сыйақысы 2 пайыздық тұрғын үй беру көзделуде.

Баспаналар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы беріледі. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова «Nur Otan» партиясы филиалының кезектен тыс ХХХVІІ конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, Үкіметте қазір тұрғын үй сертификаттары түрінде алғашқы жарнаға көмек көрсету және бюджеттік кредит беру жолдары қарастырылуда. Заң қабылданған соң, қалада 2000 сертификат беру жоспарланған. Оның ішінде 500-і көпбалалы аналарға және 200-і аз қамтылған отбасыларға, қалғаны бюджет қызметкерлеріне берілмек.

«Шымкент қаласын дамыту мен салудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарында әлеуметтік, тұрғын үй, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарын дамыту қарастырылған. Білім беру саласында 13 841 аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар ыстық тамақпен, 9 272 бала мектеп формасымен және қажетті заттармен қамтылды, 7 268 бала жазғы демалыста лагерьлерде демалатын болады. Денсаулық сақтау саласында биылғы жылы медициналық ұйымдарға құрал-жабдықтар сатып алуға 1 млрд теңге қаржы қаралған. 2 ауруханада күрделі жөндеу жұмыстары, жедел жәрдем көрсету станциясын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жаңғырту жұмыстары жоспарланды»,- деді Гүлжан Құрманбекова.

Жиында көпбалалы аналарға дәрігерге кезексіз қаралу мәселесі қарастырылып, медицина ұйымдарында «Ашық есік күні» ұйымдастырылғаны атылды. Сондай-ақ, қала басшылығы 2500-ден астам кеңес берілгенін және 1250 көпбалалы отбасының балалары медициналық тексеруден өткенін атап өтті.

«387 азаматқа көрсетілімі бойынша қымбат диагностикалық тексеру жүргізілді. Диспансерлік есепте тұрған азамттар бекітілген тізім бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.Соматикалық аурулары бар 96 бала қалалық оңалту орталығына жолданды. Ал, «Жастар жылына» орай 9 мыңға жуық жастарды тұрақты жұмыспен қамту және 300-ден астам жастарға бизнесін ашуға қайтарымсыз гранттар беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 1-ші маусымнан бастап бюджеттік салада табысы аз қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға көтеру жоспарланған. Бұл өз кезегінде қаламыздағы бюджеттен қаржыландырылатын 43 мыңнан астам қызметкерлердің отбасылық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді деген сөз»,- деді Гүлжан Құрманбекова.

Жиында қала әкімі, «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов конференция жұмысын қорытындылап, партия активіне нақты тапсырмалар жүктеді. Конференция барысында «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІX Съезіне 30 делегат сайланды.

null

Соңғы жаңалықтар