Шымкентте 8 көлік соқтығысып, 4 тонна қарбыз шашылып қалды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте болған жол апатынан 4 тонна қарбыз шашылып қалды, жолда кептеліс пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты 17 шілде күні сағат 14:00 шамасында Жиделібайсын мен Шардара көшелерінің бойында болды.

8 көлік соқтығысып, жолды жауып қалды, соның салдарынан кептеліс қалыптасты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Howo маркілі жүк көлігінің тежеуіші істемей қалған.

Жол апатынан Howo жүк көлігі мен Газель жүргізушісі зардап шекті.

Газель қарбыз тасымалдап бара жатқан болатын. 4 тонна қарбыздың барлығы езіліп, жол бойына шашылып қалды.


Соңғы жаңалықтар