Шымкентте 76 жастағы «полицей» жол қауіпсіздігін қадағалап жүр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкентте полиция қызметкерлерінің формасына ұқсас киінген қария жаяу жүргіншілерге жолдан өтуге көмектеседі. Бұл туралы Инстаграмдағы zynqala.kz парақшасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

76 жастағы қарт басына фуражка мен жасыл кеудеше киген, қолында алатаяқ пен ысқырығы бар. Ол күнделікті Сайрам көшесінің бойында тұрып, қариялар мен балаларға жолдан өтуге көмектеседі.

«Бұл көшеде жол қауіпті болуы керек: мұнда негізінен жүк көліктері көп жүреді. Сондықтан ақсақал жолдың осы бөлігінде тұрып, жол ережесінің бұзылмауын қадағалауды қолға алған. Үстіндегі полицияның фуражкасы мен желеткесі жүргізушілерге кәдімгідей әсер ететін секілді. Олар жолаушылар өтетін жолаққа кедергісіз тоқтап, жаяу жүргіншілердің өтіп кеткенін тосып тұрады. Видеоны түсірген автор қазіргі заманның мұндай батырларын жұрт білуі тиіс деп санайды», - делінген жазбада.

Видео авторы зейнеткермен танысып,  оған бұл қызметі үшін ақы төленеді ма, жоқ па деп сұраған. Қария ешкім ақша төлемейтінін және әзірге бұл орыннан ешкім қуып жатпағанын айтады. 

Ал Шымкент қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі видеоны толық зерттеп шыққаннан кейін, қарияның ісіне құқықтық баға беруге уәде етті. 

В Шымкенте 76-летний мужчина держурит у пешеходного перехода на улице Сайрамской и помогает пожилым и детям перейти дорогу. Движение на этом участке, видимо, опасное: тут много крупногабаритных машин. Поэтому дедушка решил следить за порядком на проезжей части. Полицейская фуражка и жилет действуют на водителей безотказно. Они притормаживают перед "зеброй" и ждут, когда пешеходы перейдут дорогу. Автор видео считает, что таких героев нашего времени мы должны знать в лицо.

Публикация от ZYN QALA (@zynqala.kz) 30 Авг 2018 в 11:28 PDT

Соңғы жаңалықтар