Шымкентте 71 жастағы қария өртенген үйдің ішінде қалып кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – 1951 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны өртенген үйдің ішінде қалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 25 шілде күні түнгі сағат 00:15-те шамасында болған. Абай ауданындағы Шаумяна көшесі бойында орналасқан жалпы көлемі 81 шаршы метр үйдің шатыры толығымен жанып кеткен.

Сондай-ақ, көлемі 36 шаршы метр болатын екі бөлме мен үй заттары отқа оранған.

Оқиға орнында Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 14 қызметкері мен 3 техникасы, апаттар медицинасы бригадасы жұмылдырылды.

«Аумағы 12 шаршы метр қонақ бөлмесінің лай мен қамыстан жасалған төбе жаппасы құлады. Тілсіз жау сағат 00:44-де оқшауланып, 01:10 шамасында толығымен сөндірілді. Үйдің ішінен 1951 жылғы ер кісінің денесі табылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», - делінген Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.



Соңғы жаңалықтар