Шымкентте 7 сынып оқушысы қайтыс болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте дене шынықтыру сабағында өзін жайсыз сезінген 7 сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлер оқушыға «Жіті өкпе жүрек жетіспеушілігі, өкпенің ісінуі, мидың ісінуі және жүрек бұлшық етенің кеңеюі» диагнозын қойып отыр.

- Дене шынықтыру кезінде бала кенеттен ауырып, тұра алмай қалған. Содан кейін бала диванға жатқызылыпты. Мектеп дәрігері бірден мектеп директорын, баланың ата-анасын хабардар берген. Жүргізілген жедел реанимациялық шараларға қарамастан, жеткіншек қайтыс болды,- дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нахыпқызы.

Мамандар жасөспірімнің вакцина алмағандығын айтты. Яғни, ата-анасы вакцина салдыруға қарсы болып, бас тартқан.


Соңғы жаңалықтар