USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Шымкентте 650 млн теңге салықты төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды

2021 жылғы 30 қараша 17:08
Бөлісіңіз:
Шымкентте 650 млн теңге салықты төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 650 миллион теңгеге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген ғимараттар қалпына келтіріліп жатыр Шымкенттік жастар қала тазалаушыларға таңғы ас үлестірді Вакцина - індетпен күресудің басты жолы - Бақтығали Ережепов

Aгенттіктнің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті азамат А.Сазоновтың бюджетке салық төлемеу дерегін анықтады.

«А.Сазонов «Nuclear Engineering» ЖШС басшысы бола тұра, 2017-2019 жылдар аралығында салық декларацияларына кірістер мен шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізген. Сонымен бірге, ол салық салудың басқа объектілерін жасырып, қайта тіркеуі сот жарамсыз деп таныған 11 компаниямен өзара есеп айырысу туралы жалған шот-фактураларды пайдаланды», делінген хабарламада.

Нәтижесінде мемлекетке 657 миллион теңгеден астам мөлшерде төленбеген салықтар түрінде залал келген. А.Сазонов сотталып, одан залал сомасы өндірілді.

Ведомствоның мәлімдеуінше, салық – бұл мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлем, оның есебінен мемлекеттік аппарат жұмыс істейді, сондай-ақ халықты қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар іске асырылады. Алайда, салық жарналарын төлеуден жалтарып жүрген жосықсыз кәсіпкерлер де бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT