ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Тәуелсіздік күніне орай Назарбаев зияткерлік мектебінің 500 оқушысы флешмоб ұйымдастырды. Жиналған оқушылар саппен «I Love Astana» сөзін құрастырып, Елордамызға деген ыстық ықыластарын білдірді.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі атап өткендей, дарынды жастар қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, өз қолдарымен жасаған тәттілер мен кәдесыйларды сатты. Түскен қаржыға аз қамтылған отбасылардан шыққан 5 балаға Астанада жаз мезгілінде өтетін «ЭКСПО» көрмесіне жолдама алып берген.