Шымкентте 50 жастағы тұрғын бірге тұратын келіншекті қызғаныштан өлтірген

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 50 жастағы күдікті Шымкент полициясына өзі хабарласқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адамның өзімен бірге тұратын әйелді қызғанып, оған пышақпен шабуыл жасағаны анықталды.

Әйел оқиға орнында көз жұмған.

Тәртіп сақшылары «Кісі өлтіру» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.


Фото: t.me/POLICE_of_KZ



Соңғы жаңалықтар