Шымкентте 5 жасар баланы ұрып өлтірді деген күдікпен өгей әкесі қамауға алынды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 5 жасар баланы ұрып өлтірді деген күдікпен оның өгей әкесі қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, бала өліміне қатысы бар деген күдікпен оның өгей әкесі ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

«Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысына сүйенсек, баланың өлімі алған дене жарақаты салдарынан болған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген полиция хабарламасында.

Облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері жансақтау бөліміне өте ауыр халде түскен 5 жасар баланы аман алып қалу мүмкін болмағанын айтып отыр. Себебі бүлдіршіннің бауыры мен көкбауыры езіліп кеткен.

«Баланы ауруханаға алып келгенде жағдайы өте ауыр болды, ес-түссіз жатты. Тіпті,  жүрек соғысы мен қан қысымы білінбеді. Алған жарақаты мен қан кетудің салдарынан науқас ота аяқталмай жатып қайтыс болды», - деді Облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігер орынбасары Жанболат Ділдәбеков.
null

Бүлдіршіннің  мәйітін туыстары жер қойнына тапсырды.

Құқыққорғау органының өкілдері оның өгей әкесі туралы ақпаратты жариялаған жоқ. Бірақ мәлім болғандай, 22 жастағы күдікті Атырау облысының тумасы. Ол білім алған Шымкент медресе колледжінің басшылығы оны жақсы қырынан сипаттауда. Бір жыл бойы оқу орнында тәлім алып, жатақханада тұрған. Биылғы жылдың жазында төрт перзенті бар әйелмен некесін қиған.

«Жаз айында бір келіншекпен үйленіп, содан бері сабаққа келуі саябырсыды. Сабаққа келуі өте нашарлады», - деді Шымкент медресе колледжі директорының орынбасары Бейбіт Өтебаев. 

Соңғы жаңалықтар