Шымкентте 4 жігіт жергілікті тұрғынды қорқытып, 15 мың АҚШ долларын талап еткен

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте  жергілікті тұрғынды қорқытып, ақша бопсалағандар ұсталды. Осы қылмысқа қатысы бар деген төртеу арада 7 ай өткенде полицейлердің қолына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған қылмыс өткен жылдың 27 желтоқсан күні орын алған. Орта жастағы қала тұрғыны Қаратау полиция бөліміне арызданып, белгісіз төрт азаматтың өзін бопсалап жатқанын айтқан. Тіпті күш қолданып, қорқыту арқылы 15 мың АҚШ долларын талап етіпті. Осыдай кейін тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деген төрт адам ұсталған. Олар 30-40 жас аралығындағы Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.

«Тергеп-тексеру жұмыстары барысында күдіктілердің  оңай жолмен ақша табуды көздегені анықталды. Осы мақсатта олар жәбірленушіні  ешқандай қарызы болмаса да, қала сыртына алып барған. Ұрып-соғу арқылы 15 мың АҚШ долларын талап еткен. Әрі ақшаны бір күннің ішінде жеткізуін бұйырған. Тергеу кезінде күдіктілер жасаған қылмысын толық  мойындады» делінген хабарламада.

Қазіргі таңда сезіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің «Қорқытып алу» бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Төртеуі де уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған. 

Соңғы жаңалықтар