Шымкентте 4 адамды қаққан 20 жастағы Астана тұрғынына іздеу жарияланды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының полиция қызметкерлері 4 адамды қаққан көлік жүргізушісіне іздеу жариялады. Бұл туралы қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан мәлім етті, деп хабарлады otyrar.kz.

«1996 жылы туған, Астана қаласының тұрғыны Сүлеймен Исмаил Ереханұлы қоғам назарына ілінген жол-көлік оқиғасын жасаған күдікті ретінде танылуда. Шымкеттегі Іляев көшесі мен Қонаев даңғылы қиылысында жұмысшыларды қағып кеткен BMW автокөлігінің тізгінінде сол отырған деген болжам бар. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Егер Сіздерде күдікті тұлғаның мекенжайы туралы кез келген ақпарат болса, полицияға мына телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: +7-701-482-99-79, +7-7252-53-52-52 жəне 102» дейді Данияр Мейірхан.

Еске салайық, бұл оқиға 13 тамыз күні сағат 5:30 шамасында болған. Жол жөндеп жатқан адамдарды көлік қағып кетеді. Соның салдарынан бір адам оқиға орнында мерт болса, тағы үшеуі ауыр халде ауруханада жатыр. Ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Көліктің жүк салғышынан оқтары бар тапанша табылды.

Соңғы жаңалықтар