Шымкентте 3D форматындағы жаяу жүргінші жолы салынды

None
None
КЕЛЕС. ҚазАқпарат - Елімізде алғашқы 3D форматындағы жаяу жүргінші жолы Шымкентте пайда болды. Бұл ерекше жүргіншілер жолағы «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бастамасымен салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаяу жүргінші жолы қаланың орталығындағы Айбергенов көшесінде пайда болды. Бұған дейін аталған көшеде жай ғана белгі бар еді. Корпорацияның басқарма төрағасы Рашид Аюповтың айтуынша, үш өлшемді таңба идеясын ол шетелден алған.

«Шымкент - жол қозғалысы өте қарқынды дамыған қала. Бұл учаске жүргізушілер назарын өзіне аудартатын ерекше қосымша белгі болады деп үміттенемін. Мұндай тәжірибелер батыста қайғылы оқиғалар санын бірнеше рет қысқартуға мүмкіндік берді», - дейді Рашид Аюпов.

null null null null

Соңғы жаңалықтар