Шымкентте 34 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алу бойынша 1 сәуірден бастап 64 736 азамат жүгінген. 38 мыңға тарта отбасы учаскелік комиссияға жолданып, 34 779 отбасы бойынша оң шешім қабылданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссия шешіміне сәйкес, қалада 33 823 отбасыға 9 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленген. Ал, 3203 отбасының құжаттары кері қайтарылған. Әлеуметтік көмек алушылар арасында 47 381 адам еңбекке қабілетті деп танылса, 12 794 тұрғын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді тобына енгізілген. 13 067 адам өз бетінше жұмыспен қамтылғандар болғандықтан олармен әлеуметтік келісімшарттар жасалса, 1 157 азамат әлеуметтік келісімшарттарға тұрған. Оның ішінен 748 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылған. Сонымен қатар, 3 мың азаматты қысқа мерзімдік кәсіби оқытумен қамту жоспарланып отыр.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 27 ақпанында Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті 18-ші съезінде берген тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 14 848 теңгеден 20 789 теңгеге көбейтілді.

Соңғы жаңалықтар