Шымкентте 32 мың отбасына «Рамазан қоржыны» таратылды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкентте қасиетті Рамазан айында өткен «Рамазан қоржыны» іс шарасы қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласы әкімдігі мен орталық мешіт жамағаты қолға алған игі іс аясында 32 000 отбасына «Рамазан қоржыны» таратылды.

Күн сайын эстафета түрінде жалғасқан іс- шара аясында мұқтаж отбасыларға ауызашар орнына азық-түлік салынған себеттер берілді.

Оның ішінде күріш, қант, өсімдік майы, шай, ұн, макорон, тәттілер, құрма және басқа тауар түрлері бар.

«Қала кәсіпкерлері мен қала әкімдігінік қолдауымен көптеген игі істер жүзеге асты. «Рамазан қоржыны», «Рамазан тәттісі», «Ауызашар себеті» іс-шаралары ұйымдастырылды. Одан бөлек, бір отбасына пәтер сыйладық. 50 000 астам тұрғынға ауызашар берілді. Сондай-ақ, «Балық берме, қармақ бер» қағидасы негізінде бір келіншекке тігін машинасын алып бердік. Ол кәсіп ашып, табыс табуды жоспарлап отыр»,- дейді Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы.

Айта кетейік, «Рамазан қоржыны» шарасы туралы біз бұған дейін де жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар