Шымкентте 300-ге жуық адам қаржы пирамидасына алданып қалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында қаржы пирамидасын құрып, тұрғындардың ақшасын жымқырған ЖШС басшылары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қала тұрғындарының сеніміне кіріп, 500 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған «Гарант 24 ломбард» ЖШС филиалының директоры ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Айта кетейік, таяуда салымшыларды алдап, 100 миллион теңгеден астам шығын келтірген «Estate Ломбард» ЖШС филиалының директоры ұсталған еді. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Шымкент қаласының полиция департаменті аталған ЖШС-лардан зардап шеккендерді жақын жердегі полиция бөлімдеріне хабарласуын немесе «102» нөміріне қоңырау шалуын өтінеді.


Соңғы жаңалықтар