Шымкентте 3 жасар бала пойыз астына түсіп қалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте 3 жасар сәби пойыз астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оtyrar.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Шымкент пен Қызылсай станцияларының арасында Сайрам елді мекенінде болды. Теміржол өткелдерінің бірінде 19 сағат 39 минутта 3 жасар баланы пойыз қағып кетті. Ол алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болды.

Кейін белгілі болғанындай, үйдегі ересек адамдар өздерінің тіршіліктерімен айналысып жатқанда 3 жастағы бала үйінен өз бетінен шығып кетіп, қайғылы жағдайға тап болған.

«3 қыркүйекте Шымкень пен қызылсай сатнцияларының арасында 3 жастағы баланың пойыз астына түсіп қалғаны туралы хабар келіп түсті. Қазіргі таңда 344-ші бап бойынша іс қозғалып, терге амалдары жүріп жатыр»,-деді Шымкент қаласының желілік ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімінің тергеушісі Әрдәулет Садықов.





Соңғы жаңалықтар