Шымкентте 2ГИС қосымшасы автобустардың қозғалысын көрсете бастады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының тұрғындары мен қала қонақтары енді 2ГИС мобильді қосымшасы арқылы қалалық автобустардың қозғалысын онлайн режимде көре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалықтар цифрлы жаңалық арқылы нақты уақыт тәртібінде қоғамдық көлік қозғалысын бақылайтын болады.

Бұл жұмыстарды қала әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы және 2ГИС компаниясы жүзеге асырып отыр.

Шымкент 2ГИС картасында қоғамдық көлік қозғалысы пайда болған Қазақстанның алғашқы қаласы болып отыр. Бұл жүйені сонымен қатар, Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург және Новосібір сынды қалалары қолданып келеді.

Аталған қосымшаны смартфон иелері Play Market дүкенінен жүктеп ала алады. Телефоныңызға жүктеген қосымшаға кіріп, аялдаманың белгісіне бассаңыз, картада автобустар пайда болады. Немесе іздеуде маршруттың нөмірін енгізсеңіз, қоғамдық көліктің қай жерде келе жатқанын және автобус жолын да көре аласыз. Бұл өз кезегінде аялдамада ұзақ уақыт тұрып қалу мәселесін жеңілдетеді.

Жүйе тек онлайн арқылы жұмыс істейді, сондықтан смартфонның ғаламторға қосылуы маңызды.

Егер автобус кептелісте қалса немесе кез келген басқа себеппен маршруттан кетсе, өзгерістер 30 секундтан кейін картада бейнеленеді.

Соңғы жаңалықтар