Шымкентте 2500 пәтерден тұратын 40 үй салынады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында 2 500 пәтерден тұратын 40 үй салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат шаһар басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталмыш баспанаға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері ғана ие бола алады. 
null 

Бұл келісімге сәйкес, жалпы аумағы 150 мың шаршы метр болатын нысандар салынады. Тұрғын үй құрылысы қаланың екі бірдей жаңа ауданында, атап айтқанда Shymkent City мен Әкімшілік-іскерлік орталықта жүреді. Мұндағы тұрғын үйлердің 1 шаршы метрінің бағасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері үшін 140 000 теңгені құрайды.

Алғашқы 598 пәтерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері осы жылы ала алады. Осы мақсатта қаланың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында 11 тұрғын үй салынып жатыр. Құрылыс салушы бұл нысандарды 2018 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. 

«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысып, ол бойынша үй алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта 20% көлемінде бастапқы жарна болса, жеткілікті. 1 бөлмелі пәтердің бағасы 5,6 млн теңге деп алсақ, депозитте 1,1 млн теңге жинау керек. Осыдан кейін банк 5% жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген заем береді», - деп Ләззат Ибрагимова мемлекеттік бағдарламаға қатысу шарттарын түсіндіріп өтті.

Қалған 1 880 пәтердің құрылысы мен пайдалануға берілуі 2019 жылға жоспарланып отыр. Жаңа үйлер ShymkentCity ауданында пайда болады. 

«Нұрлы жер» бағдарламасының шарттарына сәйкес, келесі талаптарға сай азаматтар бұл пәтерлерге үміткер бола алады:  

- ҚР азаматы немесе оралман мәртебесіне ие болуы; 

- өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік үйі болмауы тиіс;

- төлем қабілеттілігін растай алуы. 

Аталған талаптарға сай келмеген банк салымшылары басқа бағдарламалар арқылы баспаналы бола алады. 

null 

Соңғы жаңалықтар