Шымкентте 23 жастағы бойжеткен суицид жасамақ болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Сөз байласқан жігітімен жанжалдасып қалған 23 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алайда полицейлер 3 қабаттан секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды.

Шымкент қалалық ПД Жедел басқару орталығының мәліметінше, азаматшаның қонақ үйдің 3-қабатынан секірейін деп жатқаны туралы хабарлама 3 шілде күні сағат 21:40 шамасында келіп түскен.

Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚК-тің 105-бабының 1-бөлігі - Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу бойынша тіркелді.


Соңғы жаңалықтар