Шымкентте 22 жастағы қыз туған әкесіне пышақ сұғып алды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 22 жастағы қыз туған әкесіне пышақ сұғып алды. Қазір 46 жастағы азаматқа шұғыл түрде ота жасалып, жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға отбасылық жанжал барысында туындаған. Анасы мен қызы жұлысып жатқанда әкесі екеуін арашаламақ болып, ортасына түскен. Осы сәтте қызының қолындағы ас үй пышағы анасының емес, әкесінің денесіне кірген.

Туған қызының қолынан қаза бола жаздаған Мұрат Шадамов баласының үстінен арыз жазбаған.

null 

«Мен ештеңе жазбаймын. Ол үйден кетсін. Тыныштық берсін», - дейді жәбірленуші Мұрат Шадамов.

Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі Сәбит Байбосынов науқастың жағдайы әлі де ауыр екенін айтады.

Оның сөзінше, жәбірленушінің  ішінің оң жақ тұсына кірген пышақ аш ішектің үш жерін  кесіп жіберген. Соның салдарынан ішке қан кеткен. Ал Шымкент қаласындағы  Әл-Фараби аудандық ІІБ бастығының орынбасары  Ердәуіт Ниязов осы фактіге байланысты ҚР ҚК 106-бабына сәйкес іс қозғалып, тергеудің жүріп жатқанын мәлім етті. Әкесіне пышақ жұмсаған қыз бір жыл бұрын күйеуімен ажырасқан көрінеді. Соңғы уақытта кішкентайымен бірге төркінінде тұрып жатыр екен.

null 

Соңғы жаңалықтар