Шымкентте 22 полиция қызметкері жауапкершілікке тартылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Департаменттің басшылық құрамы жол-патрульдік полиция қызметінің жеке құрамымен кездесіп, тәртіп сақшыларының әріптестеріне қатысты айыптау үкімдерімен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент басшысының орынбасары Бауыржан Ұзынжастың айтуынша, қазіргі таңға дейін Полиция департаментіне қылмыстық құқықбұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде 19 ұсыныс жолданған. Ал, 22 полиция қызметкері жауапкершілікке тартылып, оның ішінде үшеуі «қатаң ескерту» алған. 8 қызметкер атқарып отырған лауазымынан, 2 қызметкер жұмыстан шығарылған.

Жиын барысында мамандар төтенше жағдай режимінде әрбір полиция қызметкерінің жеке жауапкершілігі туралы ескертіліп, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеуге және адалдық пен парасаттылық құндылықтарын берік ұстануға шақырды.


Соңғы жаңалықтар