Шымкентте 2 үйдің шатыры толығымен өртеніп кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте екі үйдің шатыры және көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін таңертең болған. Сағат 07:16-да Еңбекші ауданы, Н.Төреқұлов көшесі бойында орналасқан тұрғын үйдің шатыры толығымен өртеніп көршілес тұрған Школьный өткеліндегі жапсарлана соғылған тұрғын үйдің шатырыда толығымен өртке орынған. Сонымен қатар, екі бөлмесіндегі үй заттары, жапсарлана соғылған сарайдың шатырында жалын шарпыған. Темір бастырманың астында тұрған «Hyundai Grandeur» маркалы жеңіл автокөліктің артқы бөлігі де отқа оранған.


Жалынды сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД 17 қызметкері мен 5 дана техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының мамандары жұмылдырылды.

«Өрттің жалпы көлемі 256 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 07:49-да оқшауланып, сағат 08:07-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда» - делінген Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Видеодан алынған кадр



Соңғы жаңалықтар