Шымкентте 2 мыңнан аса жұмысшы жасқа пәтер берілмек

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов жыл соңына дейін жұмысшы жастарға берілетін пәтерлер құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғын үйлерді аралау барысында әкім құрылыс компанияларының басшыларына үй құрылысын мерзімінде аяқтауды ескертіп, сапасы мен инфрақұрылымдық жүйесін талапқа сай жасауды тапсырды.

Айта кетейік, Жастар жылы аясында Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен шаһарда бірнеше баспаналардың құрылысы басталған болатын. Жұмысшы жастарды баспанамен қамту шаралары бұл күнде шаһар басшысының басты назарында. Жоспар бойынша алдағы екі жылда қалада жастар үшін көппәтерлі үйлер салынып, берілетін болады. Бағдарлама аясында 2704 жас жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етілмек.

Қалада жастарды баспанамен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Жуырда ғана қала әкімі Ерлан Айтаханов Жастар жылы аясында жұмыс істейтін 30 жас маманға пәтер кілтін табыстаған болатын. Аталған тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға берілгені белгілі. Яғни, жастары ай сайын нарықтағы пәтерақының орнына 5-7 мың теңге көлеміндегі төлемақыны төлейді. Жыл соңына дейін қалада жұмыс істейтін 904 жас пәтермен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар