Шымкентте 2 банка энергетик сусыны мен 30 000 теңге талап еткен шенеуніктің ісі қаралуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызмет бірнеше сотқа дейінгі тергеулерді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соның бірі – Шымкент қаласының Абай ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу.

«2020 жылғы 24 шілдеде күдікті Шымкент қаласының бір дүкенінің иесінен карантин ережелерін бұзғаны үшін оны әкімшілік жауапқа тартпау мақсатында 30 мың теңге сомасында ақшалай қаражатты және жалпы сомасы 700 теңге болатын «Gorilla» энергетикалық сусынын алды деп күдіктелуде», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер бойынша 1 департаментінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов.

Сонымен бірге, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі Шымкент қаласының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің № 2 сәйкестендіру бөлімі басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол 2020 жылғы 27 шілдеде «А» атты азаматтан оны мемлекеттік ревизор-аудитор лауазымына тағайындағаны үшін 15 мың АҚШ доллары сомасындағы ақшалай қаражатты иемдену күдігіне ілінді», - дейді спикер.


Соңғы жаңалықтар