Шымкентте 2 адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 2 адам қаза тауып, тағы үш адам жарақат алған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары басталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанат Қаракөзованың сөзінше, жол-көлік оқиғасының себептері анықталып жатыр. Оның салдарынан жас жігіт пен бойжеткен оқиға орнында жантәсілім еткен.

«Оқиға 11-ші маусым күні кешкі сағат 18.30-дар шамасында Шымкент -Самара тасжолының 16-шы шақырымында болған еді. «Лада» көлігі Темірлан ауылынан Шымкентке қарай келе жатқан тұста, екі жолдың ортасындағы темірге соқтығысқан. Кейбір БАҚ-та жол апатынан жүргізуші қайтыс болды деп көрсеткен еді. Алайда ол қате ақпарат. Жүргізуші аман. Қазір ол ауруханада жатыр. Емдеу мекемесіне одан бөлек жасөспірім мен бір әйел жеткізілген. Бүгінде жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды. Қазір осы оқиға бойынша бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, оның қортындысы негізінде процессуалдық шешім қабылданатын болады»,-дейді Салтанат Қаракөзова.

Соңғы жаңалықтар