Шымкентте 180 тоннадан астам мазутты заңсыз сатқан ЖШС директоры сотталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте 180 тоннадан астам мазутты заңсыз сатқаны үшін кәсіпорын директоры сотталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктен мәлім еткендей, жыл сайын мемлекет отынды заңсыз сатудан миллиардтаған бюджет қаражатын жоғалтады. Қылмыс жасаушылар бюджеттік төлемдер жүргізбей, рұқсат құжаттарынсыз мұнай өндірудің және сатудың түрлі қылмыстық схемаларын пайдаланады.

Қаржылық мониторинг агенттігі осындай қылмыстың бірін әшкерелеген.

«Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз 180 тоннадан астам мазутты сату дерегін анықтады.

«Alma Oil Trading» ЖШС директоры Ж.Нақыпов белгісіз тұлғадан мазут сатып алып, кейіннен Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне заңсыз сатқан.

Барлығы 17 млн теңгеден астам сомаға отын сатып алынды», - делінген таратылған хабарламада.

ЖШС директоры Ж.Нақыпов 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар