Шымкентте 180 қонаққа арналған үйлену тойы тоқтатылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы ДП Абай аудандық бөлімінің жергілікті инспекторлары 180 адамға арналған үйлену тойын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шымкент қаласы Абай РПП ДП учаскелік инспекторлары профилактикалық жұмыс барысында Темірлан тас жолындағы мейрамханада той өтіп жатқанын анықтады. Залда 180-ге жуық қонақ болған.

Карантиндік режимнің талаптарын бұзған, адамдардың көп жиналуына жол берген қалалықтарға қатысты қажетті материалдар жиналып, тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді», - делінген ведомоствоның хабарламасында.

Шымкенттік тәртіп сақшылары тұрғындардан қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптар мен шектеулерді қатаң сақтауын сұрайды.


Соңғы жаңалықтар