Шымкентте 18 мыңға жуық тұрғын газ құбырларын тексерушілерді пәтерлеріне кіргізбеген

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 18 мыңға жуық тұрғын газ құбырларын тексерушілерді пәтерлеріне кіргізбеген. Бұл туралы қала әкімдігінде  қауіпсіздік бойынша өткен жиналыста айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Айта кетейік,  жылыту маусымы басталғалы бері қалада тұрғындардың иістен жаппай улануы бойынша 4 оқиға тіркелді. Осыдан кейін кейін шаһар басшысы Нұрлан Сауранбаев қауіпсіздік бойынша мобильді топ құрған болатын. Аталған  топ мүшелері қаладағы үйлер мен пәтерлерді аралап шыққан. 14 күн ішінде аудан әкімдіктерінің, ТЖ және газбен жабдықтау қызметінің өкілдерінен тұратын топ  157 997 абонентті тексеріп үлгерді. Рейд барысында 153 бұзушылық анықталды. Әкімдіктегілер  апатты жағдайлардың орын алуына көбіне баспаналардағы газ құбырларының істен шығуы мен оны тұрғындардың өздігінше жөндеуі себеп,- дейді. Мұржаларын тазаламау, сондай-ақ кейбірі газ бағанасын желдеткіш құбырға жалғамау да пәтерлерде иіс шығуына әкеліп соққан. 
null null null null  

Соңғы жаңалықтар