Шымкентте 14 мыңнан астам медицина қызметкерінің жалақысы өсті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі медициналық ұйымдарда маусым айынан бастап 14 382 қызметкердің жалақысы 30 пайызға артқан. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының сөзінше, ешқандай санаты жоқ медбикенің жалақысы 94 095 теңгеден 122 323 теңгеге дейін өсіп отыр. Ал ең жоғары санаты бар дәрігерлер 159 271 теңге көлемінде жалақы алады. Сондай-ақ, мегаполисте ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласына барлық деңгейдегі бюджет есебінен 46,3 млрд теңге бөлінген.

«Қазіргі уақытта басқарма тарапынан медициналық ұйымдарды компьютерлік техникамен 100% жабдықтау үшін ашық конкурс жарияланды. Бұл тез арада Халыққа қызмет көрсетудің сандық форматына көшуге мүмкіндік береді. Жоба құны 650 млн теңгені құрайды. Жеке серіктес ашық конкурстың қорытындысы бойынша анықталады. Ал, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жобалардың жалпы сомасы 13,05 млрд теңгеге жетті», - деді Асхан Байдувалиев.

Соңғы жаңалықтар