Шымкентте 13 жастағы бала ең үздік палаушы атанды

None
None
  ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте дәстүрлі «Достық дастарханы» халықаралық палау фестивалі өтті. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Дустлик» өзбек этномәдени орталығы бірлесе ұйымдастырған шараға еліміздің және көршілес Өзбекстаннан 30-дан астам аспаз қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сегізінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шараға аудан әкімдері мен қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары шақырылды. Палау басудан үздіктер қатысқан байқауда аспаздардың шеберлігі сынға түсті. Байқау шарты бойынша тағамның дәмі, аспаздың асты ерекше дайыну тәсілі сараланды. null

Фестивальде көршілес Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген қонақтар мен Шымкент қаласының тұрғындары «Махаббат», «Достық», «Бірлік» секілді палаудың 30-дан астам түрінен дәм татып, арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалады. Бір емес, бірден 30 аспаздың қолынан дәм татқан қазылар алқасына жеңімпазды анықтау оңайға түспеді.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды 13 жастағы ең жас аспаз Бабамұрат Абдурахманов жеңіп алды. Өзге жеңімпаздар диплом  және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

null null  null null null 

Соңғы жаңалықтар