Шымкентте 1290 медицина қызметкеріне үстемеақы төленді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте 1290 медицина қызметкеріне үстемеақы төленді. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасында өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үстемеақы алғандар - реанимация бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, карантиндік аймақтағы орта және кіші медицина қызметкерлері. Сондай-ақ провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен жедел-жәрдем жүргізушілері», - деді қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр.

Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі штабының мәліметінше, медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген.

«Бірінші санаттағы өте қауіпті жағдайда жұмыс істейтін 24 қызметкерге 8,7 млн теңге бөлінді. Екінші санаттағы қалыпты жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен фельдшерлерге, 845 медицина маманына 258,3 млн теңге төленді. Үшінші деңгейдегі қауіпсіздік жағдайында жұмыс істейтін 421 медицина ұйымының қызметкеріне 51,3 млн теңге қарастырылған»,- дейді қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр.

Айта кетейік, 11 сәуір күнгі жағдай бойынша қалада коронавирус инфекциясының 33 жағдайы тіркелген. Екі науқас ауруынан айығып, ауруханадан шығарылды.


Соңғы жаңалықтар