Шымкентте 1000 бейнебақылау камерасы орнатылады
2022 жылғы 28 сәуір 12:15

Шымкентте 1000 бейнебақылау камерасы орнатылады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте биыл 1000 бейнебақылау камерасы орнатылады. Оның 800-і қоғамдық қауіпсіздікті қадағаласа, 200-і жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланы бейнебақылау камераларымен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Нақтырақ айтсақ, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар арқасында технологиялық серпіліс» Ұлттық жоспарына сәйкес, 2023 жылы 1500, 2024 жылы 1500, ал 2025 жылы 2500 бейнекамералар қойылмақ.

Олардың барлығы Полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығы арқылы басқарылады.

Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласының аумағында қосымша 3137 бейнебақылау камералары орнатылды. Оның 877 көше қиылыстарына қойылса, 800 желілік учаскелерге орнатылды. Ал, 1500 жалпы бейнебақылау камералар қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұр.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT