+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Шымкентте 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты

2020 жылғы 17 қыркүйек 12:15
Бөлісіңіз:
Шымкентте 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты. Екі ғасырдың куәсі болған қарт кісіні медицина мамандары 100 жасқа толған күнінде ауруханадан шығарып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте 20 адам коронавирус пневмониясына шалдықты Қазақстанда өткен тәулікте пневмониядан 5 адам қайтыс болды Пневмониямен ауырған науқастардың өкпесі қанша уақытта қалыпқа келеді - маман пікірі

Қызтай Дүйсебекова осылайша жүзге толған туған күнін жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлермен бірге қарсы алды.

Қария 7 қыркүйек күні Асар шағынауданындағы ауруханаға ауыр халде жедел жәрдем көлігімен жеткізілген болатын. Дәрігерлер науқасқа өкпенің компьютерлік томографиясын жасап, өкпе тінінің 55% зақымдалғанын анықтаған.

Бұған қоса қарт кісінің асқазанындағы жарасы асқынған. Мамандар әжейді бөлімшеге жатқызып, вирусқа қарсы терапиялық ем жүргізген. Нәтижесінде қарт ана толығымен айығып, үйіне қайтарылды. Зейнеткер дәрігерлерге алғысын білдіріп, ақ батасын берді.


«Түскен кезде жағдайы ауыр болатын. Оған хаттамаға сәйкес жүргіздік. Қазір жағдайы бір қалыпты», - дейді емдеуші дәрігер Ләззат Тіленшина.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT