Шымкентте 100 орындық балабақша пайдалануға берілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласындағы Кіші Самал шағынауданында «Лилия» балабақшасы ғимаратының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балабақша 100 орынға есептелген, дегенмен, ондағы 75 орынға мемлекеттік тапсырыс бар. Ондағы жолдама алған балалар үшін төленетін төлемақы көлемі мемлекеттік балабақшалармен теңестірілген. Балабақшада 4 топ бар, оның бірі, яғни, 2-3 жастағы бүлдіршіндер тобы жеке меншік иелігіне қарайды.

Балабақша ұжымының ұстанған негізгі бағыты - бүлдіршіндерді салауатты өмір салтына баулу. Мұнда заманауи «сауықтыру жолдары» жан-жақты ойластырылған. Балалардың денсаулығын шынықтыру шаралары саналуан.

Сумен ширықтыру және жаттығу терапиясынан (физиотерапия) бөлек, мұнда музыка, хореография және ағылшын тілдерінде қосымша сабақтар жүргізіледі.

Айта кетейік, қазір Шымкентте 459 мектепке дейінгі мекеме бар болса, онда 69 764 бала білім алып жатыр. Оның ішінде 88 балабақша - мемлекеттік.  

null null null null null 

null 

Соңғы жаңалықтар