Шымкентте 10 мекеме жұмысшыларына 57 млн теңге жалақысын бермеген

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жыл басынан бері жұмысшылар алдындағы жалақы қарызы 57 млн теңгеден асқан. Қарыздар қаладағы 10 мекемеде тіркеліп отыр. Бұл туралы бүгін Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақ ұйымдарының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбындағы семинарында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қалалық Кірістер департаментінің мәліметіне қарағанда екі мекемеде оңалту рәсімі жүруде. Тағы екі мекеме ресми түрде банкрот деп танылған. Нәтижесінде осы төрт мекеменің 86 жұмыскер алдындағы жалақы қарызы 29,8 млн теңгеге жеткен.

Кәсіподақ ұйымдары бірлестігінің төрағасы Берік Бекжановтың айтуынша, жыл басынан бері қалада 21 661 кәсіпорын (592 мемлекеттік және 21 069 жекеменшік) жұмыс істеп тұрғаны анықталған. Алайда олардың арасында тек 1 033-інде (4,8%) ғана ұжымдық шарт түзілген. Ал 20 628 (95,2%) мекемеде ұжымдық шарт жасалмаған. Салдарынан осы шарттардың жоқтығы еңбек дауларын дер кезінде шешуге кедергі келтіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар