Шымкентте 1 желтоқсаннан бастап тұрғындарға жаңа автобустар қызмет көрсетеді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласына тұрғындарды қоғамдық көлікпен қамту мақсатында жаңадан 590 автобус жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жолаушыларды тасымалдау үшін барлық жағдай қарастырылған автобус, жоғары сапа стандартына сәйкестендірілген.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа автобустарды көру үшін «T-bus» автопаркіне барды. Мұндағы барлық автобустар бейнекамера, желдеткіш, хабарлама жариялауға арналған микрофондармен жабдықталған. Сонымен қатар, автобустарда пандус пен мүгедектердің арбаларын орналастыратын орындар да қарастырылған.
Компания қоғамдық көліктерде метан-газын пайдалануда үлкен тәжірибеге ие. Маршруттарға үздіксіз қызмет көрсету үшін өндірістік-техникалық базасы мен автоматтандырылған газ толтыру станциясы бар.
1 желтоқсаннан бастап 150 автобус қаланың шалғай аудандарын орталықпен байланыстыратын №103, 27, 35, 84, 135, 92, 74, 12 маршруттарында қызмет көрсетеді.
«Айта кетейік, шаһарда жолаушыларды тасымалдауды дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы негізінде қала әкімдігі тарапынан былтыр 300 автобус сатып алынған болатын. Қазіргі таңда бұл автобустар халықтың игілігіне қызмет көрсетіп отыр»,-делінген хабарламада.
- Шет елдерден әуе рейсімен келген 588 жолаушыдан коронавирус анықталмады
- Батыс Қазақстанда жол оқиғасынан бір адам қаза тапты
- Алматыда автобус қаққан әйел оқиға орнында мерт болды
- Шымкентте қылмыстық топ 7,7 млрд-тан астам теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған
-
Петропавлда жаяу жүргінші екі мәрте көлік астына түсіп, мерт болды
-
Алматыда жол апатынан екі кішкентай бала жарақат алды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам