Шымкентте 1 қаңтар күні 60 нәресте дүниеге келген

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жаңа жылдың алғашқы күні 60 нәресте дүниеге келген. Сәбилердің 35-і - ұл және 25-і - қыз бала екені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, шымшаһарда үш перзентхана бар. Қазір сәбилер аналарымен бірге дәрігерлер бақылауына алынған. Дәрігерлер нәрестелердің жағдайы жақсы екенін айтады.

Айта кетейік, жаңа жыл түні Шымкентте 49 нәресте туған болатын. Олардың дені - ұл балалар. Яғни, бұл күні перзентханаларда 27 ұл, 12 қыз бала өмір есігін ашқан еді.

Соңғы жаңалықтар