Шымкентте 1,5 млрд теңгенің жалған шот-фактурасын жасаған 3 адам сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі 1,5 млрд теңгенің жалған шот-фактурасын жасағандарды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын жалған шот-фактура жазумен айналысқан азаматтар М.А.Ажибаевқа, А.О.Акыновқа және А.Ақынға қатысты қылмыстық істі тергеп, сотқажіберді.

Сот үкіміне сәйкес, аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, түпкілікті мүлкі тәркіленумен кәсіпкерлік және қаржылық қызметімен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар сотталған тұлғаның атына тіркелген «Toyota» маркалы автокөлік тәркіленіп мемлекет меншігіне айналдырылды.

Соңғы жаңалықтар