Шымкентте 1,3 млн түп қызғалдақ тұқымы отырғызылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте 1,3 миллион түп қызғалдақ тұқымы отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме.

null

Қыстай қар астында жатып, ерте көктемде қаланы сұлулықпен көмкеретін голландиялық гүлдерді отырғызу жұмыстары аяқталуға жақын. Былтыр дәл осындай қызғалдақтардың 700 мың түбі егілген болатын. Биыл олардың саны екі есеге ұлғайып отыр. 

Тұқым егу жұмыстары қаланың орталық көшелерінде сәулетшілер мен суретшілердің бірлесіп сызған эскизіне сай егілуде.

null 

«Біз егіп жатқан гүлдер келесі жылдың көктемінде, яғни сәуір айында әдемі болып гүлдейтін болады. Негізінен Голландиядан келген гүлдің сорттары отырғызып жатырмыз. Сары, қызыл, көк, алқызыл, күлгін секілді 6 түрлі түс бар. Егер күтімі мен баптауы жақсы болса, қалаға ерекше сұлулық сыйлары сөзсіз», - дейді көгалдандыру компаниясының өкілі Сұлтанхан Ахметов.

null 

Күз айында егілген гүлдер көктем мезгілінде толық жайқалып өскен кезде ұлттық нақыштағы оюлар мен геометриялық фигураларды тамашалауға мүмкіндік тумақ.

Соңғы жаңалықтар