Шымкентте 1,1 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген азамат ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жалған шот-фактураларды іс жүзінде орындамай жазып берумен айналысқан азаматтың қызметін әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, қылмыстық әрекетті жүзеге асыру үшін 3 компания құрылған. Олардың айналымдағы қаржысы 1,1 миллиард теңгеден асқан, мемлекет бюджетіне 380 миллион теңгеден астам салық түспеген.

«Қылмыстық іс сотта қаралып жатыр»,-делінген хабарламада.




Фото:hkwj-taxlaw.hk




Соңғы жаңалықтар