Шымкентке республикалық қала мәртебесін алғалы 1 трлн теңге инвестиция тартылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласына республикалық қала мәртебесін алғалы, яғни 2 жылдың ішінде 1 трлн теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Шымкенттің республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылғанына 2 жылдан астам уақыт өтті. Елбасы Жарлыққа қол қояр алдында Шымкенттің тек біздің елдің ғана емес, тұтас Орталық Азия аймағының дамуына ықпал ететін орталық болатынын атап өткен болатын. Қазіргі күні бұл тарихи шешім қаламыздың болашағы үшін үлкен мүмкіндік ашты», - деді Шымкент қаласының әкімі.
Мұрат Әйтеновтың айтуынша, осыдан 2 жыл бұрын өнеркәсіп өнім көлемі 319 млрд теңге болса, бүгінгі күні 523 млрд теңгеге жеткен. Республикалық мәртебе алғалы қалаға 1 трлн теңге инвестиция тартылған. 1,3 миллоннан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, белсенді кәсіпкерлердің үлесі 71 пайыздан 88 пайызға жеткен. Қала бюджеті 131,2 млрд теңгеден 455,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
- Даниал Ахметов Өскемендегі құрылыс жұмыстарын сынға алды
- Ақтөбе облысында биыл 300 шақырым жол жөнделеді
- Қазақстанда мүлік иелері бірлестігінің 1 132 жаңа нысаны құрылды
- Шымкентте сәулет және құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы он жылға сотталды
-
Түркістан облысының Леңгір қаласында Оқушылар үйі салынады
-
Мемлекет басшысы: Алматыда шешілуге тиіс көптеген мәселе бар
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам