Шымкентке Атыраудан ұшып келген 3 мұнайшыдан коронавирус табылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентке «Атырау-Шымкент» әуе рейсімен «Tеңізшевройл» компаниясының 383 қызметкері ұшып келді. Оның 67-сі - қала тұрғындары болса, өзгелері - өзге өңірдің жұмысшылары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған әуе рейсімен келген үш азаматтан коронавирус табылған. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына, ал олармен байланыста болған 64 жолаушының барлығы карантиндік станционарға жатқызылған.

«Вирус анықталған азаматпен бір рейсте ұшып келген жолаушылардың денсаулығы және қауіпсіздігі ескеріліп, олар 14 күн станционарда болады. Ал ұшақта болған көршілес өңірлердің тұрғындары өз мекенжайы бойынша медициналық бақылауға алынған» делінген денсаулық сақтау басқармасының мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар