Шымкент зообағының құстары сый ретінде Астанаға жол тартты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Шымкент зообағының құстары Астана циркіне сыйға тартылды. 

Енді қырғауыл тектес тауыстар мен ерекше тауықтар  қолда үйретіліп, бас қалада өнер көрсететін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Құстарды шым шаһар зообағынан Астана циркінің құстар үйретушісі Айсұлу Әбдікерімқызы таңдап алыпты. Бір апта бұрын келген үйретушінің сөзінше, екі жұп  тауыс пен үш жұп тауықтар циркке тегін, тарту ретінде беріледі.

null 

«Шымкент жылы аймақ болғасын мұнда құстардың түрлері көп. Сондықтан қанаттыларды осы жерден алуды ұйғардық.  Біз негізінен ақкөгершіндермен өнер көрсетеміз. Ал бұл құстар басқаша. Көгершіндер кішірек болғандықтан енді үлкен құстармен жұмыс істемек ойымыз бар. Мен осы құстарды армандағаныма көп болды»,-деді А.Әбдікерімқызы.

null 

Ұзын құйрықты қырғауыл тектес әдемі құстар мен тауықтар бүгін бас қалаға жол тартты.

Еске салайық, бұған дейін  Шымкент зообағы Оңтүстік циркіне жаңадан туылған қос абдандарды берген болатын. 

Соңғы жаңалықтар