Шымкент зообағындағы Астана есімді керік 12 жасқа толды

None
Фото: instagram.com/shymkentzoobagy
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгін хайуанаттар бағына келуші бүлдіршіндер керіктің туған күнін тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана 2010 жылы 6 шілдеде Алматы хайуанаттар бағында дүниеге келген. Содан елорда күнінің құрметіне орай есімі Астана деп аталған. Ол 2011 жылдың 13 қыркүйегінде Шымкент зообағына ауыстырылды. Қазіргі кезде керік шымкенттік бүлдіршіндердің көзайымына айналып отыр.

«Жыл сайынғы дәстүр бойынша Астана есімді керігіміздің туған күнін биыл да атап өттік. Жеміс жидектен жасалған арнайы сыйлықты тарту етіп, туған күнімен құттықтадық. Балалар түрлі ойындар ойнап, тақпақтар айтты. Елорда туралы викториналық сұрақтарға жауап берді», - дейді зообақ қызметкері Гүлнұр Туленова.

Айта кетейік, жуырда Шымкент зообағындағы арыстанның 40 күндік төлдері жазғы вольерге шығарылған болатын. Қос абдан 24 мамырда дүниеге келген. Қазіргі таңда жағдайлары қалыпты деп бағаланып отыр.



Соңғы жаңалықтар