Шымкент зообағында жирафқа мініп алған жігітті полиция іздеп жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент зообағында жирафтың мойнына мініп алған азаматты полиция іздестіре бастады. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 шілдеде Шымкент зообағының әкімшілігі әл-Фараби ауданының полиция басқармасына арыз түсірген. Онда зообаққа келушілердің бірі тәртіп ережесін бұзғаны туралы хабарланған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында келушінің жеке басын анықтауда» делінген хабарламада.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде зообақ аумағында келушілердің бірі керікке мініп, бұзақылық жасағаны туралы видео тараған болатын. Кейіннен бұл көріністің 27 шілде күні түсірілгені белгілі болған. Желі қолданушылары тәртіп бұзған азаматтың тиісті жазасын алуын полициядан талап еткен болатын. Осыдан кейін зообақ басшылығы полиция басқармасына арыз түсірген.

Соңғы жаңалықтар