Шымкент зообағында сусиыр өліп қалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент зообағында сусиыр өліп қалды. «Ламбада» есімді жануар 26 жаста болған екен. Бақ қызметкерлерінің сөзінше, ұрғашы сусиырдың соңғы бір аптада тәбеті болмай, тамақ жеуден бас тартыпты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null
Десе де жануардың нақты не себепті өлгені тиісті сараптамалар жүргізілген соң белгілі болады. Белгілісі ол соңғы жеті жыл көлемінде аяғын зақымдап алған еді. Әрі үнемі оған дәрілер салынып жүріпті. Қалай болғанда да мамандар жануарды тиісті жерге апарып, жерлеп қойғанын айтады.
null 

Айта кетейік, әдетте сусиырлар 50 жылға дейін өмір сүреді. Ал Ламбада 26 жыл жасап, үш төл туған. Кенжесі Глория өткен жылы туылған болатын. 
null 

Соңғы жаңалықтар