Шымкент жаппай тәртіпсіздіктен кейін (ФОТО)

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі екі күн қатарынан болған жаппай тәртіпсіздік салдары әлеуметтік нысандарға көптеген шығын алып келді. Сәулетті қаладағы 10-ға жуық коммерциялық нысандар қиратылып, автокөліктер өртенді.

«Түркістан» сарайы, Ж. Шанин атындағы драма театрына әр түрлі деңгейде зиян келтірді. «Көрме» орталығы толығымен зардап шекті. «Метро» сауда орталығына басып кірген бұзақылар, барлық спирттік ішімдіктер мен энергетикалық сусындарды алып кеткен. Сауда орталығының ішін қиратып, екі жерде өрт шығару әрекетіне барған және банкоматтар тоналған. Сол күндері лаңкестер көптеген полиция автокөлігі мен қоғамдық автобустарды жағып жіберді. Ал, бүгінде қаладағы жағдай тұрақты және бақылауда. Тұрғындардың тыныс-тіршілігі үшін керекті барлық құрылымдар өз жұмысын толыққанды атқарып жатыр.

Назарларыңызға жаппай тәртіпсіздіктен кейінгі Шымқаланың тыныс тіршілігін көрсететін фотоларды ұсынамыз.


Соңғы жаңалықтар