Шымкент және Ақмола облысында жұмыртқа өндірушілер бағаны 5 пайызға төмендетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 12 кәсіпкер Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тамақ өнімдеріне бағалар бойынша хабарламаларын мерзімінен бұрын орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жасау барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нарық субъектілеріне, олардың іс-әрекеттерінде заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы 14 жаңа хабарлама жіберді. Олардың төртеуі СҚО-дағы тауық жұмыртқасы бойынша; төртеуі - Жамбыл, БҚО облыстары бойынша қант саласы бойынша; үшеуі- ШҚО, СҚО, Атырау облыстарында күнбағыс майы; екеуі сүт өнімі бойынша, біреуі Шымкенттегі құс етіне байланысты.

«Бұрын шығарылған 25 хабарламаны есептегенде жалпы саны 39-ға жетьті. Оның ішінде 12 хабарлама - ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін жою бойынша шаралар қабылдау туралы орындалды (5 - Шымкент қаласында, Қостанай, Атырау, Жамбыл облыстарында тауық жұмыртқасы бойынша, 3 - Жамбыл және Қарағанды облыстарында қант бойынша, 2 - Қарағанды облысында қарақұмық жармасы бойынша, 1 - Шымкент қаласында күнбағыс майы бойынша, 2 – Шымкент қаласында, Қарағанды облысында күнбағыс майы бойынша).

Бұл ретте, 12 нарық субъектісі хабарламаларды орындап, бағаны белгіленген 30 күндік мерзімнен бұрын төмендеткенні атап өткен жөн», делінген хабарламада.

Агенттіктің мәліметінше, статистикалық деректерге сәйкес, 25 наурыздағы жағдай бойынша тауық жұмыртқасының бағасы төмендеп келеді. Апта ішінде, 16 - 25 наурыз аралығында жұмыртқа бағасы 0,2%-ға төмендеген.

Ведомство бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына қатысты 6 тергеп-тексеру жүргізіп жатыр (2-уі нанға қатысты, 2-уі – күнбағыс майы, 2 – сауда желісіне қатысты).


Соңғы жаңалықтар