Шымкент түрмесіне ұялы телефонды тауық етінің ішіне салып кіргізбек болған

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі түрмеде сотталушыға ұялы телефонды тауық етінің ішіне салып кіргізбек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/4 әйелдер түрмесінде 21 қарашада келіп түскен сәлемдемелерді тексеру кезінде заңбұзугшылық анықталды.

Әлдебіреу тыйым салынған Samsung маркалы қара түсті ұялы құрылғы мен сим-картаны піскен тауықтын (гриль) ішіне жасырып, кіргізбек болған.

«Бұл заттарды Шымкент қаласының тұрғыны А. қамауда отырған әйелге әкелген. Ол өзінің түсініктемесінде кінәсін толық мойындады»,- дейді Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің өкілі Жазира Әуесхан.

Ведомство өкілінің мәліметінше, қазір оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу кодексінің тиісті бабымен хаттама толтырылған.


Соңғы жаңалықтар