USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Шымкент тұрғынынан контрафакт 15 мың қорап темекі тәркіленген

2021 жылғы 21 қазан 16:08
Бөлісіңіз:
Шымкент тұрғынынан контрафакт 15 мың қорап темекі тәркіленген

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент тұрғынынан контрафакт 15 мың қорап темекі тәркіленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте 650 млн теңге салықты төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды

Ведомсвтоның мәлімдеуінше, темекі өнімдері акцизделетін тауарға жатады және міндетті түрде таңбалануы тиіс. Егер темекінің таңбасы болмаса, онда өнім контрафакті болып саналады.

Аагенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті қала аумағында темекі өнімдерін сату бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызмет дерегінің жолын кесті.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тиісті акциздік маркасы жоқ және лицензиясыз «Senator», «Мальмо» және «Корона» маркалы темекі сатқан Шымкент қаласының тұрғыны Е.Ағманов ұсталды. Департамент қызметкерлері 15 000 қорап темекі өнімдерін тәркіледі», делінген хабарламада.

Е.Ағманов 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT